Жай ғана бел будым да, жолға шықтым: Қазақстан әйелдерінің 62%-ы жалғыз өзі саяхаттайды
Aviasales.kz Қазақстандағы сервис қолданушы әйелдер арасында сауалнама жүргізіп, әйелдердің жеке саяхатқа қалай қарайтынын, алғашқы сапар алдында неден қорқатынын және күмәнді қалай еңсеретінін анықтады.

Әр үш қолданушының екеуі бұған дейін жалғыз ұшып көрген
Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 62%-ы жеке өзі саяхаттап көрген.
Тағы 20%-ы мұндай сапарды байқап көргісі келеді.
Мұндай саяхат шамамен 12% әйелдің жоспарында жоқ, ал 6%-ы әлі бірде-бір рет жалғыз сапарға шықпаған.
Бұл көрсеткіш Ресей мен Өзбекстанға қарағанда төмен. Алайда мұндай форматқа деген қызығушылық жоғары — әр бесінші әйел жеке алғашқы сапары туралы ойлап жүр.
Жартысына жуығы жиірек саяхаттай бастаған
Жеке саяхат тәжірибесі бар әйелдердің 49%-ы соңғы 2–3 жылда жалғыз өзі сапарға жиірек шығатын болғанын айтқан.
28%-ы бұрынғыдай жиілікпен саяхаттайды.
Қалғандары — сирек немесе тек бірен-саран рет барған.
Бұл жеке саяхат форматының «бір реттік батыл қадам» болудан қалып, біртіндеп тұрақты әдетке айналып келе жатқанын көрсетеді.
Басты уайым — қауіпсіздік
Алғашқы сапар алдындағы күмән туралы сұраққа қазақстандық қолданушы әйелдер көбіне мыналарды атаған:
● Қауіпсіздік — 32% (Ресей мен Өзбекстандағы қолданушы әйелдермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш)
● «Жалғыздық жалықтырады» — 20%
● Болжауға болмайтын жағдайлар — 18%
● Тіл мәселесі — 15%
● Қаржылық шектеулер — 14%
Сондай-ақ, өз еркіңнен тыс басқалардың назар аударуы (9%), отбасының және өмірлік серігінің не айтатыны (7%) және күрделі логистика (10%) туралы алаңдаушылықтар да айтылған.
Қызығы, жиірек саяхаттай бастаған әйелдер қауіпсіздік пен айналадағы адамдардың реакциясына қатысты қорқынышты әлдеқайда сирек атап өтеді.
Не нәрсе шешім қабылдауға көмектеседі?
Негізгі фактор — жеке шешім.
44%: «Бел будым да, сапарға шықтым».
Одан кейін:
● 18% — сапарды мұқият жоспарлау
● 16% — баратын жер туралы ақпарат іздеу
● 16% — алдыңғы сапар тәжірибесі
● 14% — өзімен-өзі уақыт өткізуге деген ниет
● 11% — қаржылық қор
● 10% — достардың немесе өмірлік серігінің қолдауы
Тәжірибе артқан сайын қорқыныш азаяды. Жеке сапарға тек бір рет шыққандар көбіне топпен саяхаттауды жөн көреді.
Сауалнамамен қатар, Demalys туристік медиасы әйелдерге арналған ең қауіпсіз сегіз бағыттың тізімін дайындады. Іріктеу кезінде халықаралық рейтингтер (Global Peace Index және Numbeo деректері) және практикалық критерийлер ескерілді: Қазақстаннан оңай жету, мәдени жайлылық, түсінікті қала инфрақұрылымы, тұрақты байланыс пен цифрлық сервистерге қолжетімділік.
Қорытынды тізімге мына елдер енді: БАӘ, Жапония, Нидерланды, Сингапур, Жаңа Зеландия, Португалия, Словения және Исландия.
Жеке саяхатшылар үшін ең қауіпсіз елдер туралы толығырақ Demalys материалында айтылған.