Саяхатшылар Қазақстан қалаларына махаббатын білдірді
Ғашықтар күні қарсаңында Aviasales.kz қазақстандық саяхатшылар арасында сауалнама жүргізіп, олардың Қазақстан қалаларын не үшін жақсы көретінін білді.
Күшті желдің астанасы
Зерттеуге қатысушылардың көпшілігі (41%) Астаналық желді ерекше жақсы көреді. Тағы 31%-ы күннің әдемі батуын ұнатады, ал сауалнамаға қатысқандардың 28%-ы елорданы жарықтандыруы үшін жақсы көреді.
Алматының түндері-ай
Алматы тауларына деген сүйіспеншілігін сауалнамаға қатысқандар бірауыздан білдірдсе,тағы 20% – ы қаланы жаздық дәмханалар үшін жақсы көреді. Ал зерттеуге қатысушылардың 26% – ы Алматының түндеріне қуанады.
Қазақтың тойы бітпесін
Шымкент – тойдың, демек дәмді сарқыттардың астанасы. Мұндай пікір пайдаланушылардың жауаптарынан туындады. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (45%) қаланы дәмді сарқыттары үшін жақсы көреді. 35% - ы мәңгілік жазға дауыс берді және 20%- ы қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.
Ақтөбе және футболшылар
Ақтөбедегі махаббатты жеткізу сайысында футболшылар мен олардың фанаттары арасында таңдау болды. Қазақстандықтар екі нұсқаға да дауыс беріп, футболшылар мен олардың фанаттарына үлкен билборд арнады.
Майқұдық енді топта емес
Қарағанды Aviasales.kz «саяхатшыларының» жүрегінде құрметті орын алады. Сауалнамаға қатысушылар үшке бөлінді: жартысы Қарағандыны үлгілі тәртібі мен жоғары мәдениеті үшін жақсы көреді, ал 30%-ы -35 градустағы романтикалық серуендерге ризашылығын білдірсе, тағы 20%-ы Майқұдықты жылы сөзбен еске алды.
Дәмді фишбармақ үшін Ақтауға
Сауалнамаға сәйкес Aviasales.kz. саяхатшылары Ақтауды пальмалар мен мұнай үшін емес, жергілікті тағам — фишбармақ үшін жақсы көреді. Қазақстандықтардың 64%-ы үшін жүрекке жол асқазан арқылы өтеді.Қалған тұрғындар қала жағалауында мұнай мен пластикалық пальмаларды таңдады.