Қазақстан шарықтай бермек: Aviasales.kz Central Asia: Digital Aviation Forum аясында туризмнің өсуі туралы айтып берді
22 қазанда Алматыда өткен Central Asia: Digital Aviation Forum конференциясында авиация, туризм және цифрлық сервистер өкілдері Қазақстанның неліктен аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың біріне айналғанын талқылады. Негізгі тұжырымдар — Kursiv Media үшін дайындалған материалда.

Форумда Орталық Азия бүгінде ең белсенді нарықтардың бірі екені айтылды — әуе компанияларының саны артып, маршруттық желілер кеңейіп, жаңа бағыттар ашылып жатыр. Бұл өңірді саяхатшылар үшін қолжетімді етіп, туристік ағынды күшейтеді.
Ислам Секербеков, Air Astana компаниясының Қытай, Орталық Азия және Моңғолия бойынша аймақтық аға-менеджері, өңірдің өте жылдам дамып жатқанын атап өтті — жаңа рейстер ашылып, ұшу жиілігі артып, жолаушыларға таңдау еркіндігі берілді.
Қазақстан біртіндеп транзиттік нүктеден арнайы сапарлап келетін аймаққа айналып жатыр. Шырын Мусина, Kazakh Tourism басқарушы директоры, пандемиядан кейін визасыз режимнің қайта енгізілуі елге деген қызығушылықты арттырғанын айтты. 2024 жылы Қазақстанға 10,4 млн турист келген, ал бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өседі.
Ішкі туризмге деген сұраныс та күшейіп келеді. Aviasales.kz деректеріне сүйенсек, Шымкент, Ақтау және Атырау бағыттарына билет іздеу жиілеген. «Динамикаға қарасақ, жыл сайын тұрақты өсім бар. Қазақстан туристік аймақ ретінде қалыптасып келеді», — деді Aviasales Қазақстанның аймақтық директоры Альбина Қанатова.
Сонымен бірге туризмнің дамуы инфрақұрылымдық шешімдерді талап етеді. Ринат Абдрахманов, Шымбұлақ курортының басшысы, қонақ ағынының шамадан тыс көбеюі белгілі бір қиындықтар туғызатынын растады. Ал Шырын Мусина мемлекет тарапанын қолдау үшін қазіргі басым бағыттар ретінде үш өңірді атады — Алматы тау кластері, Щучинск–Бурабай аймағы және Маңғыстау.
Назарда гастрономиялық туризм де бар. Сарапшы Жанар Нұрлыбек Қазақстанның алаун түрлі мәдениет тоғысқан аймақ екендігі өзге елдерде кездеспейтін бірегей гастромаршруттар жасауға мүмкіндік беретінін айтты.
Подкасқа қатысушылар туризмнің тұрақты дамуы серіктестік пен дерек алмасуға негізделуі керек деген ортақ пікірге келді. Альбина Қанатова Aviasales.kz сараптамасымен бөлісуге және саланың орнықты дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді: «Мұндай тақырыптарды серіктестермен ашық талқылап, олардың міндеттерін түсініп, бірге өсу нүктелерін таба алатынымыз қуантады».
Толық талқылау — «Қазақстан шарықтай бермек» подкасында.