Aviasales.kz саяхат туралы ақпарат таратын Demalys медиасын ашты

2024 жылдың соңында Aviasales.kz-тің Demalys деген саяхат туралы медиасы ашылды. Жобаның мақсаты — қазақстандықтарды ел ішінде және шетелге саяхаттауға шабыттандыру.

Demalys өз оқырмандарына Aviasales.kz сарапшыларының жолнұсқаларын, пайдалы кеңестерді, саяхатшылардың шабыттандыратын оқиғаларын, сондай-ақ басқа да нұсқаулар мен топтамаларды ұсынбақ.

Demalys ерекшеліктері:

  • Екі тіл: әрбір қазақстандыққа жақын болу үшін контент қазақ және орыс тілінде шығып тұрады.
  • Сараптама және шабыт: оқырмандарымыз саяхатқа жүйелі түрде дайындалуы үшін авторлардың қатарында нағыз саяхатшылар бар.
  • Қарапайым стильде жазу: ресми тілден аулақ болып, ақпаратты жеңіл түрде, кейде тіпті әзілмен жеткіземіз. 

Жобаның бас редакторы — STEPPE-нің бұрынғы бас редакторы, «Сәлем, Алматы!» кітабының авторларының бірі Гүлнәр Наурызбай.

Сайтта қазірдің өзінде қазақстандықтар визасыз кіре алатын елдердің топтамасы, 2025 жылдың ең үздік концерттерінің тізімі, сонымен қатар ата-анаңызды Еуропаға апару үшін қанша ақша керектігі, еріктілер бағдарламасы бойынша Испанияға қалай баруға болатыны туралы егжей-тегжейлі айтып беретін мақалалар мен басқа да материалдар бар.

 

Share

Пошта жәшігімен жаңалықтар алу

"Жазылу" түймесін басу арқылы Құпиялылық саясаты талаптарын оқығанымды және оларға келісетінімді растаймын.