Aviasales.kz — Almaty Open 2025 серіктесі
Aviasales.kz сервисі 11–19 қазан аралығында өтетін Almaty Open турнирінің ресми серіктесі атанды.
.jpg)
Серіктестік Қазақстандағы «іс-шара туризмін» — яғни концерттер, фестивальдер мен спорттық жарыстар үшін саяхаттауды дамытуға бағытталған. Aviasales.kz дерегінше, дәл осындай іс-шараларға арнайы ұшып келетіндер саны әзірге бірнеше пайыздан аспайды, бірақ тұрақты түрде өсіп келеді. Ал қазақстандықтардың саяхатқа шығуының басты себебі (47%) — демалыс.
«Спорт — бұл эмоция, ал адамдар дәл осы эмоция үшін саяхаттайды», — дейді Aviasales-тің Қазақстандағы country менеджері Альбина Қанатова. «Сондықтан біз арнайы бөлімді іске қостық. Мұнда Almaty Open сынды әлемдік ауқымдағы оқиғалардың афишалары ұсынылады. “Қазақтың саяхаты бітпесін!” дейтіндей, әрдайым саяхат көп болсын», — деді Қанатова сөзін жалғастырып.
Aviasales.kz серіктестік аясында Telegram-ботты іске қосты — оның арқасында турнирдің финалдық матчының билеттерін ұтып алуға болады. Бұдан бөлек, Aviasales Almaty Open турнирін халықаралық деңгейде жарналамауды өз мойнына алып отыр — бұл шетелдік жанкүйерлерді Қазақстанға тартуға бағытталған.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский серіктестіктің маңыздылығын атап өтті: «Aviasales.kz-пен серіктес болу — турнирдің танымалдығын арттырып, әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерді шақыруға мүмкіндік береді. Біз үшін аса маңыздысы — елдегі теннистің дамуын құндылық көретін, Қазақстанды заманауи туристік бағыт ретінде танытуға көмектесетін жетекші компаниялардың қолдауы».
Турнир туралы
Almaty Open — Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) қолдауымен өтетін ATP 250 санатындағы халықаралық теннис турнирі. 2025 жылы жарыс 11–19 қазан аралығында Алматыдағы Almaty Arena спорт кешенінде өтеді. Турнирдің жүлде қоры — $1 000 000. Бұл — ТМД аумағындағы жалғыз ATP 250 деңгейіндегі турнир.