Алматы қаласындағы жаңа маршрут: Aviasales.kz-пен бірге Батырхан Шөкенов жүрген жолдармен серуендеу
Aviasales.kz пен Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қор (BATYR Foundation) музыка мен аты аңызға айналған әртістің өмірінен шабыт алып, қала бойынша жаңа маршрут жасады.
«Қаланың жаңа қырлары» атты серуен әртіс барғанды ұнатқан консерватория мен концерт залдарынан бастап мейрамханаларға дейінгі белгілі жерлерді қамтиды. Бұл жерлерді аралай отырып, әр жан тарихпен жақынырақ танысып қайтады. Серуендеу үшін BATYR Foundation командасы әр локацияға арналған ән таңдап берді.
«Aviasales.kz үшін біздің команда құрып берген маршрут – Алматы тұрғындары мен қонақтарына айтып бергіміз келген Батырға қатысты оқиғалар, әрі біздің қордың тарихының бөлігіне айналған белгілі жерлер мен әріптестікте жасалынған жобалар. Біз қала өсіп, өзгеріп жатқанын түсінеміз, дегенмен Батырмен диалог құру жолдарын да іздеп келеміз. Біздің жолымыз әрдайым оның сүйікті сахнасында – Республика сарайынды түйіседі. Жаңа жерлерді, Алматы мен Батырды бұдан да жақынырақ зерттеп қайтып ораласыздар деп үміттенеміз», — дейді Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Наргиз Шөкенова.
«Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған маршрут туристер мен Алматы тұрғындары үшін аты аңызға айналған музыкант шығармашылығы арқылы қала тынысына еніп қайтуға арналған бірегей мүмкіндік. Біз мұндай мәдени маршруттарға қатысты қызығушылық барын байқаймыз, сондықтан бұл жоба әсіресе Батырдың шығармашылығын бағалайтын ТМД елдерінен келген қонақтарға арналған қаладағы турлардың маңызды бөлігіне айналуы мүмкін. Бұл маршрут қаланың жаңа қырларын көріп қайтуға ғана емес, сондай-ақ әр локацияға сіңіп кеткен Алматының мәдени мұрасын тануға, оның жаны мен тарихын сезініп қайтуға мүмкіндік береді», — деп Almaty Tourism Bureau басшысы Лукпанова Камила айтып кетті.
Серуенді қайдан табуға болады?
Серуен Aviasales.kz мобильді қосымшасындағы «Ары-бері» бағыттаушысында қолжетімді. Алматы қаласын таңдап, «Қаланың жаңа қырлары» бөліміне өтіп, Алматы бойынша өз саяхатыңызды бастаңыз.